Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны - Ғаниқызы Аяулым 

    Қазіргі уақытта әлеуметтік желі адамдар өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Әсіресе жастар Instagram, TikTok, WhatsApp сияқты платформаларды белсенді қолданады. Әлеуметтік желі арқылы адамдар бір-бірімен байланысып, ақпарат алып, бос уақытын өткізеді.

2025 жылғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда интернет қолданушылар саны 19,2 миллион адамға жеткен. Бұл – халықтың шамамен    92,9%-ы. Сонымен қатар елде 15,7 миллионнан астам әлеуметтік желі аккаунты тіркелген. Бұл көрсеткіштер әлеуметтік желінің қоғам өмірінде маңызды орын алатынын көрсетеді. Әлеуметтік желінің пайдалы жақтары көп. Адамдар алыстағы туыстарымен тез байланысып, жаңалықтарды жедел біле алады. Оқушылар мен студенттер сабаққа қажетті ақпаратты интернеттен оңай табады. Бүгінде көптеген адам әлеуметтік желі арқылы бизнес жүргізіп, табыс тауып жүр. Сонымен қатар онлайн курстар мен білім беру платформалары арқылы жаңа мамандық меңгеруге мүмкіндік артты.

Зерттеулерге сүйенсек, жастардың 66,2%-ы әлеуметтік желіні күн сайын пайдаланады. Ең танымал платформалардың қатарында WhatsApp, Instagram және TikTok бар. Алайда әлеуметтік желінің зиянды тұстары да кездеседі. Көптеген жасөспірім телефонға тәуелді болып барады. Кей деректер бойынша, олар интернетте күніне 7 сағаттан астам уақыт өткізеді.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Ғаниқызы Аяулым 


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)