" Тағдыр талқысынан өткендер: Жеңіске жетелейтін жігер "

Басты бет / Спорт / " Тағдыр талқысынан өткендер: Жеңіске жетелейтін жігер "

         Шексіз ғаламның әр нүктесінде біз парағын ашпаған мыңдаған тағдыр кітабы жатыр. Ол кітаптың парағын ашуға, оны оқуға күйбең тіршілікті сылтауратып ерінеміз. Күнделікті өмірімізді өз қолымызбен төмендетеміз. Ал, сіз күнделікті өмірінен гөрі сол өмірді сүруге ұмтылатын мүмкіндігі шектеулі жандарды ескердіңіз бе ?!

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, бұл ғалам-құпиясы ашылмаған сандық. Әрбір әрекет пен еңбек-жеңіс. Жаңашылдықты ашуға, қоғамнан елеулі орындарын табуға талмай жұмстанады. Кейбіреулер оны өмірдің сынағы деп түйіндесе, кейбіреуі өмірді ерекше сүруге
мүмкіндік деп біледі. Бұл сөздердің тірі дәлелі — біздің замандастарымыз. Олардың әрқайсысы өз тағдыр кітабының парақтарын қан мен термен, жеңіс пен жігермен жазып келеді.

 

Ербол Хамитов: Мұзбалақ рухтың жеңісі      

sports.kz
Ерболдың есімі қазақ спортының тарихында алтын әріппен жазылды. Қатардағы сарбаз болып жүріп, ауыр жарақат алған сәтте көпшілік оның болашағына күмәнмен қараған еді. Алайда, Ербол өзін мүсіркеуге жол бермеді. Ол Паралимпиада ойындарында шаңғы жарысынан Әлем чемпионы атанып, қазақ байрағын көкке көтерді. Ерболдың әрбір серпіні — «мүмкіндігім шектеулі» деген сөзді жоққа шығарып, рухтың ешқандай шекараны білмейтінін дәлелдегендей.

 

Серік Есматов: Тік тұрудың үлгісі

liter.kz
Тағы бір кейіпкеріміз — Серік Есматов. Жасөспірім шағында қос аяғынан айырылу кез келген жанды тұңғиыққа батырары анық. Бірақ Серік үшін бұл соң емес, жаңа бастау болды. Ол волейболдан ұлттық құрама капитанына дейін көтеріліп, мүгедектік арбасын «жеңіс арбасына» айналдырды. Оның жарқын күлкісі мен әрбір сөзі — өмірден түңілген жандарға үміт сыйлайтын шамшырақ іспетті.

 

Бибігүл Иманғазина: Қаламмен өрілген қайрат

aqtobegazeti
Тағдыр талқысынан өткен тағы бір тұлға — жазушы Бибігүл Иманғазина. Ол арбаға таңылса да, ойы мен қаламына ешқандай тұсау салдырмады. Өз қиындығын ұмытып, өзге тағдырлардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Оның шығармалары — тағдырдың
соққысына қаламымен жауап берген жанның ішкі айқайы мен парасаты.


Қорытындылай келсек із парағын ашқан үш тағдыр, үш түрлі әлем. Олар біз сияқты күйбең тіршіліктің құлы болмады, керісінше, сол тіршіліктің әр сәтін бағалауды үйретті. Біз «ертең істеймін» деп ерініп жүргенде, олар «бүгін жеңуім керек» деген
қағидамен өмір сүреді. Басында айтқан сол «шегі жоқ ғаламдағы мыңдаған тағдыр кітабының» басты хабары
біреу-ақ: Мүмкіндігі шектеулі жан жоқ, тек ниеті мен рухы шектеулі жандар бар. Егер
сіздің де өміріңізде қиындық туса, осы кейіпкерлерді еске алыңыз
. Мүмкін, сіздің де
тағдыр кітабыңызда ең жарқын тараулар әлі алда жатқан шығар?



WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)