Алматы қаңтар оқиғасы: хронология мен факторлері - Даулетова Таңсұлу

     2022 жылдың қаңтар айында Қазақстан тарихындағы ең ауыр дағдарыстардың бірі - «қасиетті қаңтар» оқиғасы орын алды. Оқиға 2 қаңтарда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында сұйытылған газ бағасының 60 теңгеден 120 теңгеге дейін күрт өсуіне байланысты басталды. Бейбіт митингілер тез арада бүкіл елге жайылып, әлеуметтік-экономикалық талаптар саяси реформаларға ұласты. 4-5 қаңтарда жағдай ушығып, Алматы қаласында қарулы қақтығыстар басталды. 5 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел бойынша төтенше жағдай енгізіп, Үкіметті отставкаға жіберді. Осы күні Алматы әкімдігі мен Президент резиденциясы өртеніп, интернет пен әлеуметтік жүйелерге байланысы толықтай өшірілді. Ресми деректер бойынша, тәртіпсіздіктер салдарынан 238 адам қаза тауып,мыңдаған нысандар қирады. Тек «Магнум» желісінің өзі 10 миллиард теңгеге жуық шығынға батты.Кризисті еңсеру үшін 6 қаңтарда Қазақстанға ҰҚШҰ ның бітімгершілік күштері шақырылды. Операция 11 қаңтарда жағдай толық бақылауға алынғаннан кейін аяқталды. Бұл оқиға Н. Назарбаевтың саяси сахнадан толық кетуіне және елдегі «Жаңа Қазақстан» бағытындағы конституциялық реформалардың басталуына түрткі болды. Халық әлі күнге дейін осы оқиғаны халықтың Үкіметке қарсыластануы деп атайды.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Даулетова Таңсұлу


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)