Кітап – білім мен рухани дамудың маңызды көзі. Адам кітап оқу арқылы жаңа ақпарат алып, ойлау қабілетін дамытады және сөздік қорын байытады. Бұрын адамдар ақпаратты негізінен кітап арқылы алса, қазіргі таңда интернет кең таралғанына қарамастан, кітаптың маңызы төмендеген жоқ.
Ғалымдардың зерттеуінше, күніне 20 минут кітап оқитын адамның есте сақтау қабілеті мен ойлау жүйесі жақсырақ дамиды. Сонымен қатар кітап оқу адамның күйзелісін азайтып, ойды тыныштандыруға көмектеседі. Қазіргі кезде әлемде жыл сайын шамамен 2 миллион жаңа кітап жарық көреді. Ең танымал шығармалардың бірі – Harry Potter. Бұл кітап әлем бойынша 600 миллионнан астам данамен сатылған. Ал The Little Prince шығармасы 300-ден астам тілге аударылған. Мұндай көрсеткіштер адамдардың кітапқа деген қызығушылығы әлі де жоғары екенін дәлелдейді.
Қазақстанда да кітапханалар белсенді жұмыс істейді. Елде мыңдаған кітапхана бар, ал жастар арасында көркем әдебиетке қызығушылық артып келеді. Соңғы жылдары электронды кітаптар мен аудиокітаптар кең тарала бастады. Көптеген адам кітапты телефон, планшет немесе арнайы қосымшалар арқылы оқиды. Бұл кітап оқуды жеңіл әрі ыңғайлы етті. Кітап оқу адамға тек білім беріп қана қоймай, өмірді тереңірек түсінуге көмектеседі. Көп кітап оқитын адамның ой-өрісі кең болып, өз пікірін анық әрі еркін жеткізе алады. Сондықтан кітап оқу – адамның дамуына әсер ететін ең пайдалы әдеттердің бірі.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Ғаниқызы Аяулым

- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі