Әйел бастаған көш озады -  Дусенбай Фарида

    «Әйел бастаған көш оңбайды» деген сөз – дәстүрлі қазақ қоғамындағы ерлер мен әйелдердің рөліне қатысты қалыптасқан түсінік. Бұл мақал басшылық пен көшбасшылыққа ер адамның лайық екенін білдіреді. Сонымен қатар, «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» деген сияқты мақалдар да кездеседі. Алайда қазіргі қоғамда бұл көзқарас өзгеріп келеді. Бүгінде «Әйел бастаған көш озады» деген ой жиі айтылып, әйелдердің белсенділігі, басқарушылық қабілеті және қоғамдағы орны ерекше аталып жүр. XXI ғасырда қыз-келіншектер түрлі жобаларды бастап, мықты жетекші ретінде танылып келеді. Соның бірі – 140 білім беру мектебінің басшысы Жұлдызай Мұсаева. Ол – қазақстандық жас кәсіпкер, EdTech саласындағы танымал «JUZ40» білім беру орталығының негізін қалаушы әрі CEO-сы. Жұлдызай 1997 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазіргі таңда ол мыңдаған оқушыны ҰБТ-ға дайындайтын ірі білім беру орталығын басқарып отыр.

Қазақтың ақын-жазушылары да әйелдің қоғамдағы орнын жоғары бағалаған. Мысалы, ақын Төлеген Айбергенов:
«О, адамдар, Ана керек адамға,Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда» деп, ананың қоғамдағы маңызын ерекше жеткізген.
 Қазіргі жастар бұрынғы кейбір стереотиптерді жаңаша көзқараспен қабылдап, әйелдердің қоғамдағы рөлін дәлелдеп келеді. Бүгінде әйел тек отбасының ұйытқысы ғана емес, сонымен қатар табысты кәсіпкер, басшы, ғалым және қоғам қайраткері бола алады. Сондықтан «Әйел бастаған көш озады» деген сөз қазіргі заманның шындығына айналып отыр.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Дусенбай Фарида


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)