Эко-ерікті болу – еріккендік емес, ерлік! - Жанділда Ақжан 

      Эко-ерікті болу - еріккеннің ермегі емес, бұл - игі іс.Бүгінде Ақтөбе қаласында белсенді жастардан құралған«Эко-мәдениет» экологиялық еріктілер қозғалысының жұмысы қарқынды жүзеге асуда. Ұйымның құрамында 600-ге жуық адам бар. Олар жылдың кез келген мезгілінде қаланы тазалау жұмыстарына белсенді түрде атсалысады.Еріктілер тек тазалық жұмыстарын атқарумен шектеліп қана қоймай, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырады.Атай айтқанда, ұйым Ақтөбе ФК ойын маусымының басынан аяғына дейін клубпен бірлесе жұмыс жасайды.Яғни еріктілер әрбір ойынға қатысып, ойыннан кейін тазалық жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар жанкүйерлерге өздерінің арттарын жинап жүруді насихаттайды.Соның арқасында көптеген жанкүйерлер өздерімен бірге бірнеше рет қолдануға арналған экологиялық заттарды алып келуге қалыптасты, сондай-ақ ойын аяқталғаннан кейін өз қоқыстарын жинап кетуді үйренді.2024 жылы елбасымыздың бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қабылданды.Акция іске қосылғаннан бастап «Эко-мәдениет» ұйымы қоғамдық шараларда аса белсенділік танытты.Мысалы, өткен жылдың жазында қала сыртында бірнеше рет эко-плоггингтер ұйымдастырылды.Эко-еріктілер сол шарада орасан зор белсенді болды.Осындай кезекті эко-плоггингтердің бірінде шамамен 500-ге жуық қапшық қоқыс жиналды.Шара қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау арқылыэкологиялық мәдениетті дамытуға ықпал етті.

БҰҰ 2026 жылды еріктілер жылы деп жариялады.Осы тұста елімізде бірқатар ілкімді істер жүзеге асырылып, табиғат жанашырына айналған эко-еріктілерді дәріптеу маңызды істердің біріне айналды.Жақында осы жоба аясында «Эко-мәдениет» ұйымының президенті Теңдік Гүлназ Нұрғисақызы елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының қолынан алғыс хат алды.Эко-еріктілердің осылай еленіп, қоғамда жаңа көзқарас қалыптасуына әсер етуіқуантады.Жалпы еліміздегі эко-еріктілердің саны артып, олардың игі істері қоғамға оң ықпалын тигізіп жатқаны мемлекетіміз үшін үлкен жетістік.Алдағы уақытта еліміздің әрбір азаматы эко-еріктілердің қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін түсініп, қоршаған ортаны таза ұстауға қалыптасады деген сенім бар.Табиғатты қорғау – табиғат жанашырларын құрметтеуден басталады.Сондықтан әрқайсымыз эко-еріктілерге құрметпен қарап, қорашаған ортамызды қорғауда да өз үлесімізді қосқанымыз абзал!

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Жанділда Ақжан 


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)