2027 жылы ҰБТ қалай өзгереді? - Айтжан Диас

    Қазақстанда 2027 жылдан бастап ҰБТ форматына бірқатар өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, жаңа жүйе халықаралық стандарттарға жақындатылып, оқушылардың тек жаттаған білімін емес, логикалық және аналитикалық ойлау қабілетін бағалауға бағытталады.  

Жоспар бойынша, 2027 жылы жаңа формат пилоттық режимде іске қосылады. Сонымен қатар қазіргі ҰБТ-ға балама ретінде AIT (Admission Insight Test) атты жаңа тест енгізілуі мүмкін. Бұл тест халықаралық SAT жүйесіне ұқсас болады деп күтілуде. Жаңа форматтың тағы бір ерекшелігі – тапсырмалар халықаралық деңгейдегі сұрақтарға бейімделеді. Яғни оқушылардан тек формуланы жаттау емес, ақпаратты талдау, салыстыру және дұрыс шешім қабылдау талап етіледі. Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс қазақстандық түлектердің шетелдік университеттерге түсу мүмкіндігін арттыруы мүмкін.  

Министрлік өкілдері 2026 жылғы талапкерлер үшін өзгеріс болмайтынын айтты. Сондықтан қазіргі оқушыларға алаңдаудың қажеті жоқ. Дегенмен 2027 жылғы түлектер жаңа форматқа бейімделу үшін ертерек дайындалуы керек.

”Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Айтжан Диас


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)