Қазіргі таңда әлем халқының шамамен 56%-ы қалаларда өмір сүреді. United Nations мамандарының болжамынша, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 68%-ға жетеді. Сондықтан экологиялық әрі тиімді қалалар құру маңызды мәселеге айналды.
Экологиялық қала – табиғатқа зияны аз, тұрғындарға қолайлы заманауи қала. Мұндай қалаларда электрлі көлік, велосипед жолдары, күн және жел энергиясы қолданылады. Мысалы, Copenhagen қаласында тұрғындардың жартысынан көбі велосипедпен қатынайды. Ал Singapore әлемдегі ең жасыл қалалардың бірі саналады.
Қазақстанда да экологиялық мәселелер өзекті. Ірі қалалардағы ауа ластануы тұрғын денсаулығына әсер етуде. Сондықтан ағаш отырғызу, қоқысты қайта өңдеу және экокөлікті дамыту маңызды қадамдардың бірі.
Экологиялық қала – болашақ ұрпаққа таза ауа мен қауіпсіз орта сыйлайтын тиімді шешім. Табиғатты қорғау – әр адамның ортақ міндеті.
”Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Айтжан Диас

- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі