Алтын Орда дәуірі – Қазақстан тарихының ең маңызды бөлігі

Басты бет / Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар / Алтын Орда дәуірі – Қазақстан тарихының ең маңызды бөлігі

Алтын Орда дәуірі – Қазақстан тарихының ең маңызды бөлігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орданы адамзат тарихындағы ең маңызды беттердің бірі деп атады. Ұлы Дала мен Алтын Орда тарихы көбінесе дала халықтары арасындағы шексіз шайқастар мен күрестерге қарапайымдандырылады, осылайша оның әлемдік тарихқа нақты әсерін төмендетеді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен «Алтын Орда дала өркениетінің үлгісі ретінде: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық ғылыми симпозиумда сөйлеген сөзінде айтты.

Алтын Орда тарихы біздің еліміздің және бүкіл адамзаттың жылнамасындағы ең маңызды беттердің бірі. Мемлекет басшысы бұл іс-шараны ЮНЕСКО қамқорлығымен өткізу Алтын Орда мұрасының жаһандық тарихи маңызын көрсететінін атап өтті. Бұл мемлекеттің тарихи мұрасы қазіргі Қазақстан аумағын қоса алғанда, Еуразия халықтарының мемлекеттілігі мен мәдени бірегейлігінің қалыптасуында маңызды орын алады.

Алдағы уақытта жарық көретін Қазақстанның академиялық тарихында Алтын Ордаға жеке том арналғалы отыр. Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда алғашқы мамандандырылған ғылыми мекеме – Жошы ұлысын зерттеу институты құрылды. Сондай-ақ Жошы ұлысының тарихи және мәдени мұрасын насихаттау үшін фильмдер түсіріліп, кітаптар жарық көріп, ескерткіштер орнатылып, спектакльдер қойылып, көрмелер өткізілуде. Бірақ Алтын Орданың тарихи ерекше құбылысын жан-жақты зерттеу мен дамытуда нақты серпіліс жасау үшін Президент түбегейлі жаңа, жаһандық деңгейге жету қажет деп санайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда бойынша шетелдік сарапшыларды тарта отырып, ауқымды баспа жобасын бастауды ұсынды. Оның пікірінше, бүгінде академиялық зерттеулердің шығармашылық салалар мен медиа саласында әртүрлі жобаларды жүзеге асыру үшін сенімді негізге айналуы маңызды. Жаһандану, толық цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде көшпенділік ұғымының жаңаша түсіндірмесі, қазіргі уақытта «цифрлық көшпенділердің» шығармашылық әлеуеті мен таңғажайып құштарлығында айқын көрінііс тапқан, ерекше өзекті болып табылады. Дала мемлекеттілігінің дәстүрлерін әділдікке, ашықтыққа және мәдени диалогқа негізделген кешенді зерттеу бүкіл Орталық Еуразияның ұзақ мерзімді прогресіне ықпал етеді.

Халықаралық симпозиумда Мемлекет басшысы Алтын Орданың басқару жүйесін мұқият зерттеу қажеттілігін де атап өтті. Жошы ұлысының аумағы ең күшейген кезінде 6 миллион шаршы шақырымнан асты, бұл Рим империясының ең жоғары деңгейде болған кезіндегі аумағынан әлдеқайда үлкен. Кейбір тарихшылардың Алтын Орданы Дала Римі деп атауы таңғаларлық емес. Дегенмен, Алтын Орданың ұлылығы оның географиялық қамтуымен емес, институционалдық тұрақтылығымен өлшенеді. Жошы әулеті Ұлы Дала мемлекеттерін 600 жылдан астам уақыт бойы басқарды. Оны Хань немесе Габусбергтер сияқты әулеттердің билігімен салыстыруға болады. Бұл факт Жошы әулеті құрған жүйенің заңдылығы мен өміршеңдігін көрсетеді, бұл жүйе әртүрлі этникалық топтар мен діндердің үйлесімді өмір сүруін қамтамасыз етті, - деді Президент.  

Міне, осы Халықаралық симпозиумда Мемлекет басшысы тарапынан Алтын Орда тарихына қатысты көтерілген ауқымды да маңызды мәселелер тарихшы ғалымдар, археологтар, мәдениеттанушылар және тағы да басқа мамандар арасында кешенді, жан-жақты, кеңінен, тереңінен одан ары зерттеулер жүргізуге қозғау салып, Алтын Орда тарихын әлемдік қауымдастыққа кеңінен танытуға мүмкіндік туғызады деп ойлаймыз.  

 

Сабырхан СМАҒҰЛОВ,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы



WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)