Қазіргі таңда жасанды интеллект (ЖИ) әлем бойынша ең жылдам дамып жатқан технологиялардың бірі. Сарапшылардың пікірінше, алдағы онжылдықта ЖИ еңбек нарығына үлкен өзгеріс әкеледі. Мысалы, World Economic Forum ұйымының 2025 жылғы есебінде 2030 жылға дейін әлемде шамамен 170 миллион жаңа жұмыс орны пайда болып, 92 миллион мамандықтың кейбір бөлігі қысқаруы мүмкін екені айтылған. Бұл жасанды интеллекттің болашақ мамандықтарға тікелей әсер ететінін көрсетеді.
Сонымен қатар, жаңа мамандықтар пайда болуда. Қазіргі кезде ЖИ инженері, деректер талдаушысы, киберқауіпсіздік маманы сияқты кәсіптерге сұраныс артып келеді. Microsoft және Google сияқты ірі компаниялар жасанды интеллект саласына миллиардтаған доллар инвестиция құйып жатыр. Бұл болашақта технологиямен байланысты мамандықтардың маңызы күшейетінін дәлелдейді.
Алайда кейбір жұмыстар автоматтандырылуы мүмкін. McKinsey & Company зерттеуіне сәйкес, қазіргі жұмыс түрлерінің шамамен 30%-ын автоматтандыруға болады. Әсіресе қайталанатын қарапайым жұмыстарға қауіп жоғары. Мысалы, кассир, оператор немесе мәлімет енгізуші мамандықтары біртіндеп азаюы мүмкін.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Бауржан Бақнұр

- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі