ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕР ҚАНДАЙ БОЛУ КЕРЕК?

Қазіргі мектептер заман талабына сай болуы керек. Себебі біз өмір сүріп жатқан ғасыр — XXI ғасыр.

XXI ғасыр — жауапкершілікті, талпынысты және үнемі ізденісті талап ететін кезең. Бүгінде технология қарқынды дамып, әлем күн сайын өзгеруде. Жасанды интеллект, әлеуметтік желілер мен цифрлық платформалар адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан мектеп те бұл өзгерістерден қалыс қалмауы тиіс.

Қазіргі мектеп тек білім беретін орын ғана емес, оқушыны болашаққа дайындайтын орта болуы қажет. Оқушылар еркін ойлап, өз пікірін ашық жеткізе алуы керек. Сонымен қатар мектептерде технологияны тиімді пайдалану, сыни ойлау, шығармашылық қабілет және коммуникация дағдыларын дамыту маңызды рөл атқарады. Сабақтар қызықты әрі заманауи форматта өткенде ғана оқушылардың білімге деген қызығушылығы артады. Әртүрлі жобалар, пікірталастар, тәжірибелік жұмыстар мен жаңа оқыту әдістері оқушының жан-жақты дамуына үлкен әсер етеді. Қазіргі мұғалім тек ақпарат беруші емес, оқушыға бағыт-бағдар көрсететін жетекші болуы керек. Сонымен қатар мектепте психологиялық жайлылық пен қауіпсіз орта қалыптасуы өте маңызды. Оқушы өзін еркін сезінген кезде ғана білім алуға ынтасы артады. Мектеп тек баға қоятын орын емес, баланың тұлға ретінде қалыптасуына көмектесетін орта болуы тиіс.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Усан Назерке


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)