Жылқы – қазақ халқы үшін ерекше жануарлардың бірі. Қазақ халқы ерте заманнан бері жылқыны көлік, азық әрі сенімді серік ретінде пайдаланған. Тарихшылардың айтуынша, қазақ даласында жылқыны қолға үйрету шамамен 5–6 мың жыл бұрын басталған. Сондықтан жылқы қазақтың тұрмысымен, мәдениетімен және салт-дәстүрімен тығыз байланысты.
Қазіргі таңда Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегі алдыңғы елдердің қатарына кіреді. Статистика бойынша, елімізде 4,2 миллионнан астам жылқы бар. Соңғы 10 жылда жылқы саны бірнеше есе өскен. Әсіресе Түркістан облысы, Қарағанды облысы және Алматы облысы аймақтарында жылқы шаруашылығы жақсы дамыған.
Қазақ халқы жылқыны өте жақсы таныған. Мысалы, жылқының 300-ден астам түсі мен реңкін ажыратқан деген деректер бар. Сонымен қатар қазақ тілінде жылқыға байланысты 10 мыңға жуық сөз бен атау кездеседі. Бұл халқымыздың жылқыға қаншалықты мән бергенін көрсетеді. Жылқы ұлттық спортта да ерекше орын алады. Қазақстанда жыл сайын жүздеген бәйге ұйымдастырылады. Көкпар, қыз қуу, теңге ілу сияқты ұлттық ойындардың барлығы жылқымен байланысты. Сонымен қатар елімізде қымыз өндіру көлемі де артып келеді. Бір жылда мыңдаған тонна қымыз өндіріледі. Жылқы – қазақ халқының байлығы мен рухының белгісі. Жылқыны қадірлеу арқылы біз ата-бабамыздың дәстүрін, мәдениетін және ұлттық құндылықтарын сақтаймыз.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Шойбек Нұрай

Мөлдір
Аз әрі саз ақпарат екен. Керемет