Жастар және әлеуметтік желі

     Қазіргі таңда әлеуметтік желі жасөспірімдердің күнделікті өмірінің негізгі бөлігіне айналды. Алайда зерттеулер оның денсаулық пен психологияға кері әсері бар екенін көрсетуде. UNICEF ұйымының 2019 жылғы зерттеуінде 30 елдегі жастардың әр үшіншісі интернеттегі буллингтің құрбаны болғаны анықталған. Сонымен қатар, әр бесінші жасөспірім кибербуллингтің әсерінен мектепке бармай қалғанын айтқан. Ұйқы мәселесі де әлеуметтік желімен тікелей байланысты. Sleep Foundation мәліметі бойынша, жасөспірімдердің 57%-ы бөлмеде телефон немесе басқа экран құрылғысы болған кезде ұйқысының бұзылатынын айтқан. Көк жарық мелатонин гормонының бөлінуін азайтып, адамның кеш ұйықтауына әсер етеді.

2024 жылы АҚШ Ұлттық денсаулық институты жүргізген зерттеуде 9 389 жасөспірімнің дерегі қаралған. Нәтижесінде түнде телефон хабарламаларын өшірмейтін оқушыларда ұйқының қысқаруы мен шаршау жиі кездесетіні анықталған. Тағы бір зерттеуде экран алдында күніне 4 сағаттан артық отыратын балалар мен жасөспірімдерде мазасыздық, депрессия және зейіннің төмендеуі көбірек байқалған. Бұл зерттеу 50 мыңнан астам америкалық бала мен жасөспірім арасында жүргізілген.

Сондықтан әлеуметтік желіні шектен тыс қолдану жастардың денсаулығына, оқуына және психологиялық жағдайына кері әсер ететіні ғылыми зерттеулермен дәлелденіп отыр. Сол себепті әлеуметтік желіні тиімді пайдаланып, экран алдында өткізетін уақытты шектеу өте маңызды.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Ауельбек Жанерке 


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)