Қазіргі таңда әлемде су тапшылығы күшейіп бара жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның 2025 жылғы дерегі бойынша, әлемде 2,2 миллиард адам таза ауыз суға толық қол жеткізе алмайды. Сонымен қатар, 3,6 миллиард адам жылына кем дегенде бір ай су тапшылығын сезінеді.
Сарапшылардың айтуынша, климаттың өзгеруі мен халық санының өсуі бұл мәселені одан әрі қиындатуда. UN-Water ұйымының мәліметінде әлемдегі судың 72%-ы ауыл шаруашылығына жұмсалатыны айтылған. Соның салдарынан көптеген елдерде өзен-көлдер тартылып жатыр. Қазақстанда да су мәселесі өте өзекті. Арал теңізі — соның ең үлкен дәлелі. Бұрын әлемдегі ең ірі көлдердің бірі болған Арал теңізі суармалы егіншілік үшін судың шамадан тыс алынуынан қатты тартылып кетті. Ғалымдар бұл жағдайды «әлемдегі ең ірі экологиялық апаттардың бірі» деп атайды. Теңіздің құрғаған түбінен көтерілетін тұз бен шаң ауаға тарап, халық денсаулығына зиян келтіруде.
БҰҰ дерегіне сәйкес, жыл сайын әлемде 800 мыңнан астам адам лас су мен санитарияның нашарлығынан туындайтын аурулардан қайтыс болады. Оның ішінде 340 мыңнан астамы — бес жасқа дейінгі балалар. Мамандардың болжамынша, егер су үнемделмесе, 2050 жылға қарай әлем халқының төрттен үш бөлігі құрғақшылықтың әсерін сезінуі мүмкін. Сондықтан суды үнемдеу — бүкіл адамзат үшін маңызды міндет.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Ауельбек Жанерке

- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі