Қазақстанда егіншілік саласы қарқынды дамып келеді. Ел экономикасында ауыл шаруашылығы маңызды рөл атқарады. 2024 жылы Қазақстанда 26,7 миллион тонна астық жиналып, соңғы 13 жылдағы рекордтық көрсеткіш тіркелді. Бүгінде елімізде 16,7 миллион гектар жерге дәнді және бұршақты дақылдар егілген. Орташа өнімділік гектарына 16 центнерді құрады. Бидай өндірісі 18 миллион тоннаға жуықтады, ал арпа көлемі 3,6 миллион тонна болды.
2024 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға 580 миллиард теңге бөлінді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда үш есе көп. Сонымен қатар егін жинау жұмыстарына 149 мыңнан астам трактор мен 37 мың комбайн тартылды. Қазақстан жыл сайын 8–9 миллион тонна астық экспорттайды. Оның 6,5–7,5 миллион тоннасы — бидай. Астық негізінен Қытай, Түркия, Иран және Орталық Азия елдеріне экспортталады. Дегенмен, салада су тапшылығы, қуаңшылық және ескі техникалардың көп болуы сияқты мәселелер бар. Соған қарамастан, жаңа технологиялар мен мемлекеттік қолдау егіншілік саласының дамуына үлкен әсер етуде.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Айтжан Диас

- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі