Мектепте қаржылық сауаттылық пәнін оқыту қажет пе?

     Қазіргі қоғамда ақша басқаруды білу — маңызды дағдының бірі. Сондықтан мектеп бағдарламасына қаржылық сауаттылық пәнін енгізу өте қажет. Себебі көптеген жасөспірім несие, алаяқтық, салық немесе жинақ жасау туралы толық ақпарат білмейді. Соңғы жылдары Қазақстанда оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. 2025 жылы өткен республикалық FinIQ қаржылық қауіпсіздік диктантына 192 мыңнан астам оқушы мен студент қатысқан. Бұл жастардың қаржы тақырыбына қызығушылығы жоғары екенін көрсетеді. 

Сонымен қатар Қазақстанда алғаш рет 9–11 сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиада ұйымдастырылды. Оған еліміздің барлық өңірінен 144 оқушы қатысқан. Мамандардың айтуынша, қаржылық білім ерте жастан берілсе, адам ақшаны дұрыс жұмсауды, жинақ жасауды және алаяқтардан сақтануды үйренеді. Қазіргі таңда интернет-алаяқтық көбейген заманда бұл пәннің маңызы одан сайын артып отыр.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Айтжан Диас


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)