Журналистің қазіргі қоғамдағы орны

     Қазіргі қоғамда ақпараттың рөлі ерекше. Адамдар елдегі және әлемдегі жаңалықтарды күн сайын бақылап отырады. Осындай маңызды ақпаратты халыққа жеткізетін маман – журналист. Журналист қоғам мен билік арасындағы байланысты орнатып, халыққа шынайы мәлімет ұсынатын тұлға болып саналады.

Бүгінде журналистика үлкен өзгеріске ұшырады. Бұрын адамдар жаңалықты газет пен теледидардан ғана көрсе, қазір ақпарат интернет пен әлеуметтік желілер арқылы тез таралады. Соның арқасында журналистер оқиға орнынан тікелей хабар таратып, халыққа жедел ақпарат жеткізе алады. UNESCO ұйымы сапалы журналистиканы қоғам дамуының маңызды бөлігі деп есептейді. Журналистер қоғамдағы маңызды мәселелерді көтереді. Мысалы, білім, денсаулық сақтау, экология, жастар мәселесі сияқты тақырыптар туралы материалдар халықтың назарын аударады. Сонымен қатар журналистер түрлі сұхбаттар мен зерттеулер арқылы қоғам пікірінің қалыптасуына ықпал етеді.

Қазіргі таңда жалған ақпараттың көбеюі де үлкен мәселе болып отыр. Әлеуметтік желілерде тексерілмеген мәліметтер жиі таралады. Осындай жағдайда кәсіби журналистердің жауапкершілігі арта түседі. Олар ақпараттың рас-өтірігін анықтап, сенімді дереккөздерге сүйеніп жұмыс істейді.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Бауржан Бақнұр


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)