ТЕЛЕФОННЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

     Қазіргі таңда Қазақстан бойынша ұялы телефонды шамамен 19 миллионға жуық адам қолданады. Елде 26 миллионнан астам ұялы телефон тіркелген. Алайда бұл көрсеткіш адамның өміріне пайдасын қана емес зиянында әкелетіні анық. Сондықтанда осы мәселе үшін сөз қозғағым келіп отыр. 

Ең алдымен құрылғының әкелетін пайдасына тоқталсам, смартфон арқылы адамдар ақпарат алып, білім үйреніп, бір-бірімен жылдам байланысады. Сонымен қатар  онлайн сабақ оқып, төлем жасап, навигатор, карта сияқты функциялар жол табуға көмектеседі.

Телефонның пайдасымен қатар зияны да бар. Қазіргі жастардың көп бөлігі уақытын әлеуметтік желіде өткізеді. Бұл адамның денсаулығына, әсіресе көзі мен жүйке жүйесіне кері әсер етеді. Оған қоса телефонға тәуелділік, сабақ үлгерімінің төмендеуіне себеп болуы әбден мүмкін. Сондықтан смартфонды орнымен пайдалану қажет. Яғни зиянды бөлігінің басымдылығы адамның физикалық тұрғыдан әлсіз болып бара жатқанына бірден-бір дәлел.  Сол себепті де оны дұрыс әрі шектеулі түрде қолданған жөн. Уақытты тиімді пайдаланып, телефонға тәуелді болып кетпеу маңызды.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Усан Назерке


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)