ҰБТ — тек сынақ, өмірдің соңы емес

      Қазіргі таңда Ұлттық бірыңғай тестілеу көптеген оқушылар үшін үлкен уайымға айналды. Себебі ҰБТ-ның артында стресс, шаршау, ұйқысыз түндер мен қорқыныш тұрады. Әр түлек жақсы нәтиже көрсетіп, грантқа түсуді армандайды. Өйткені грант — көптеген жастар үшін болашаққа жасалған маңызды қадам. Қазақстанда жыл сайын мыңдаған оқушы мектеп бітіреді. Олардың басым бөлігі ҰБТ тапсырады. Алайда барлық талапкер бірдей грант иегері атана алмайды. Сол себепті көптеген жас өзіне тым үлкен талап қойып, қатты қысым сезінеді.

Мамандардың айтуынша, емтихан алдында оқушылар арасында стресс пен мазасыздық жиі кездеседі. Кейбір түлектер ұйқысы бұзылып, өзіне деген сенімін жоғалтып жатады. Кейде қажетті балл жинай алмаған кезде бүкіл өмірі тоқтап қалғандай көрінеді. Бірақ бір тест адамның тағдырын толық шешпейді.

Қазіргі қоғамда “міндетті түрде жоғары балл алу керек” деген түсінік қалыптасқан. Әлеуметтік желілерде де көбіне жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар ғана көп айтылады. Бұл басқа түлектерге психологиялық қысым беруі мүмкін. Алайда өмірде жетістікке жетудің бір ғана жолы жоқ. Кейбір адамдар жоғары балл жинамаса да, өз саласында табысты болып жүр. Себебі адамның болашағын тек емтихан емес, оның еңбегі, талпынысы және өзіне деген сенімі анықтайды. ҰБТ — маңызды сынақ. Бірақ ол өмірдің соңғы нүктесі емес. Егер бір мүмкіндік болмай қалса, басқа жол табуға болады. Ең бастысы — өзіңе сену, тоқтап қалмау және алға қарай ұмтылу.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Шойбек Нұрай


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)