Қысқа видеолар дәуірі - Tik Tok феномені

  XXI ғасыр цифлық технологиялар мен әлеуметтік желілердің қарқынды дамыған кезеңі.Бүгінгі таңда адамдар ақпаратты тез қабылдап, қысқа әрі қызықты контет көруге бейімделді. Осындай өзгерістердің әрі жалықтырмайтын бейне жазбалардың нәтижесінде Tik Tok платформасы әлемдегі ең танымал әлеуметтік желілердің қатарында. Қысқа бейнелердің арқасында адамдар ойын сауық көріп қана қоймай, білім алып, табыс тауып, өз қабілеттерін және таланттарын көрсете алады. Сондай - ақ Tik Tok қазіргі таңда қоғамның маңызды мәдени және ақпараттық құбылысына айналды және қоғамда белең алып жатқан өзекті мәселелердің қатарына жатқыза аламыз. Tik Tok - қысқа бейнелер  жасауға және көруге арналған әлеуметтік желі. Бұл қосымша алғаш рет Қытайда “Douyin” атауымен 2016 жылы іске қосылды. Уақыт өте келе нарыққа яғни халық арасына  Tik Tok атауымен шықты. Платформаны қытайлық  “ByteDance” компаниясы құрған. Қысқа уақыт ішінде Tik Tok  әлем бойынша миллиардтаған қолданушы жинап,  Instagram, YouTube, сияқты ірі  платформаларды бәсекелестікке бастады. Сондай ақ Tik Tok қоданушылардың саны жыл сайын тіпті ай сайын өсуде, өйткені кейбір есептер ай сайын белсенді.

     2025 жылдың соңындағы бағалулары бойынша Tik Tok – та шамамен 1,9 миллиард ай сайынғы белсенді қолданушы бар болған. Бүгінде Tik Tok желісі жастардың күнделікті өміріне айналғанын барлығымыз білеміз. Бұл арнайы қоғамнан жіберілген саясат па деген менде ой туады. Жастардың білімсіз болып бара жатқаны, тіпті адамдардың таяз ойлауына дейін алып келіп жатыр, бұл жағдай ел үшін бір қасірет. Қысқаша айтсақ Tik Tok жастармен танымал адамдардың табыс табуына пайдасын тигізіп тұрса да, адамдарды көбірек смартфонмен байланысып адамдармен қарып қатынасын азайтуға септігін тигізуде. 18 жастан асқан көптеген жастарымыз үй ішінде сыртқа шықпай,тіпті ата - анасымен байланыспай Tik Tok  желісімен шоғырлануда. Дәл осылай жалғаса берсе елімізде оң мен солын ажырата алмайтын жастармыздың саны көбейе бермек...

  “Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Мырзатай Көркем


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)