Онлайн ойындардың зияны

    Технологияның қарқынды дамуы балалардың бос уақытын өткізу тәсілін өзгертті. Бұрын балалар аулада ойнап, дене белсенділігіне көбірек көңіл бөлсе, бүгінде олардың көпшілігі уақытын смартфон мен компьютер алдында өткізеді. Ата-аналар да баласының тыныш отырғанын құп көріп, экран алдында өткізетін уақытын әрдайым бақылай бермейді.

Қазіргі таңда ең танымал онлайн ойындардың қатарында Garena Free Fire мен Brawl Stars бар. Free Fire ойыны 2017 жылы жарыққа шығып, әлем бойынша миллиардтан астам рет жүктелген. Ал 2018 жылы шыққан Brawl Stars ойынының жүктелу саны 500 миллионнан асып, ай сайын шамамен 50 миллион қолданушыны жинап отыр.

Мамандардың айтуынша, онлайн ойындарды шамадан тыс пайдалану баланың психологиялық жағдайына, оқу үлгеріміне және уақытты тиімді ұйымдастыруына кері әсер етуі мүмкін. Әсіресе ойынға тәуелділік, ашушаңдық және әлеуметтік қарым-қатынастың әлсіреуі жиі кездеседі. Сонымен қатар экран алдында ұзақ отыру көздің көру қабілетіне және денсаулыққа зиян келтіреді. Әрине, ойындардың қол мен көздің үйлесімді жұмыс істеуіне ықпал ететін тұстары бар. Дегенмен балалардың ойынға жұмсайтын уақытын шектеп, оларды спортқа, кітап оқуға және белсенді демалысқа баулу маңызды.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Алипбек Айгул 


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

Бекзия

👍👍👍👍

Бекзия

ияя дұрыс

Ақбөпе

Өте дұрысс🔥🔥