Конфуций ілімі – ежелгі Қытайдың ең ықпалды философиялық және этикалық жүйелерінің бірі. Оның негізін қалаған — Конфуций. Ол қоғамдағы тәртіп, адамгершілік, білім және тәрбие мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Кейін оның көзқарастары конфуцийшілдік деп аталып, Қытай мәдениеті мен дүниетанымының дамуына зор әсер етті.
Конфуцийдің басты мақсаты – қоғамда әділдік пен үйлесімділікті қалыптастыру. Оның пікірінше, әр адам өз міндетін адал атқарса, мемлекетте тәртіп пен тұрақтылық орнайды. Философ адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалап, ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, кішіні қорғау, адалдық пен шыншылдық сияқты құндылықтарды насихаттады.
Конфуций білімнің маңызын ерекше атап өтті. Ол адамның шыққан тегі емес, білімі мен тәрбиесі маңызды деп санады. Сондықтан адамдарды үнемі ізденуге, өзін жетілдіруге шақырды.
Конфуций ілімінің негізгі қағидаларына адамгершілік, әділдік, әдептілік, білімге ұмтылу және адалдық жатады. Оның ойынша, осы қасиеттерді бойына сіңірген адам ғана «ізгі адам» деңгейіне жете алады. Бүгінде Конфуцийдің идеялары өзектілігін жоғалтқан жоқ. Оның адамгершілік пен білім туралы көзқарастары көптеген елдердің тәрбие және білім беру жүйесінде қолданылып келеді. Сондықтан Конфуций ілімі адамзаттың құнды рухани мұраларының бірі болып саналады.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Манасова Жадыра

- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі