Қазақстандағы fake news мәселесі және медиасауат

   Қазіргі таңда ақпарат қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Көпшілік жаңалықтарды әлеуметтік желілерден алады. TikTok, Instagram, Telegram және YouTube платформалары ақпарат таратуда маңызды рөл атқарғанымен, жалған ақпараттың көбеюіне де ықпал етіп отыр.

Жалған ақпарат немесе fake news көбіне адамдардың эмоциясына әсер ету арқылы жылдам таралады. Тексерілмеген мәліметтер бірнеше сағат ішінде мыңдаған адамға жетуі мүмкін. Қазір фейк ақпарат тек мәтін түрінде ғана емес, фото және бейне форматында да кездеседі. Әсіресе жасанды интеллект технологияларының дамуы жалған бейнелер мен бейнежазбаларды жасауды жеңілдетті.

Зерттеулерге сәйкес, жастардың едәуір бөлігі жаңалықтарды әлеуметтік желілер арқылы тұтынады. Сондықтан жалған ақпараттың таралу қаупі де жоғары. Қазақстанда мұндай жағдайлар төтенше оқиғалар, денсаулық сақтау немесе әлеуметтік мәселелерге қатысты жиі байқалады. Кейбір адамдар хабарламаның шынайылығын тексермей, оны өзгелерге таратады. Бұл қоғамда үрей мен сенімсіздік туғызуы мүмкін.

Мұндай мәселенің алдын алудың тиімді жолы – медиасауаттылықты дамыту. Медиасауатты адам ақпараттың дереккөзін тексеріп, бірнеше мәліметті салыстырып, сыни тұрғыдан бағалай алады. Сондықтан медиасауат дағдыларын мектептен бастап қалыптастыру маңызды.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Балжан Қайролла


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)