Соңғы жиырма жылда Оңтүстік Корея әлемдік мәдениеттің маңызды орталықтарының біріне айналды. Бұрын бұл ел технологиясы мен экономикасы арқылы танылса, бүгінде музыкасы, киносы және телехикаялары арқылы әлем назарын өзіне аударып отыр. Бұл құбылыс «корей толқыны» немесе Hallyu деген атауға ие болды.
K-pop жанры қазіргі заманғы музыка индустриясының ажырамас бөлігіне айналды. BTS, Blackpink және EXO секілді топтар әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған жанкүйер жинап, халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетті. 2024 жылы Оңтүстік Кореяның мәдени контент экспорты 14 миллиард АҚШ долларынан асып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Бұл мәдени индустрияның ел экономикасына елеулі үлес қосатынын көрсетеді.
Корей мәдениетінің кең таралуына әлеуметтік желілер де үлкен ықпал етті. YouTube, TikTok және Instagram платформаларында кореялық әндер миллиардтаған қаралым жинап, жастар арасында корей тілі мен мәдениетіне қызығушылықты арттырды.
Музыкамен қатар корей киносы мен сериалдары да әлемдік танымалдыққа ие болды. «Squid Game» сериалы халықаралық аудиторияның назарын аударса, «Parasite» фильмі «Оскар» сыйлығының төрт марапатын жеңіп алып, әлемдік кино тарихында ерекше орын алды. Осылайша, K-pop пен корей мәдениеті Оңтүстік Кореяның халықаралық беделін нығайтып, оны әлемдік мәдени кеңістіктегі жетекші елдердің біріне айналдырды.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Балжан Қайролла

- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі