31 мамыр – Қазақстан тарихындағы ең ауыр күндердің бірі. Бұл күн саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ халқы бастан кешкен нәубет ұлттың демографиялық, мәдени және рухани дамуына ауыр зардап әкелді. Тарихшылардың дерегіне сүйенсек, 1920–1950 жылдары Қазақстанда 100 мыңнан астам адам саяси қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді.
Қуғын-сүргін құрбандарының қатарында қазақтың көрнекті зиялылары – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы және Сәкен Сейфуллин болды. Олар ел тәуелсіздігі, жер тұтастығы мен ұлттық құндылықтарды сақтау жолында қызмет етті. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің негізін қалап, ұлт руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосты.
Саяси қуғын-сүргінмен қатар келген ашаршылық та халқымызға орасан қайғы әкелді. Зерттеушілердің мәліметінше, 1930-жылдардағы аштық салдарынан 1,5 миллионнан астам адам қаза тауып, жүздеген мың адам туған жерін тастап көшуге мәжбүр болды. Сонымен қатар Қазақстан аумағында Карлаг, АЛЖИР және Степлаг сияқты лагерьлер жұмыс істеді. 31 мамыр – өткенді еске алып қана қоймай, Тәуелсіздіктің қандай қиын жолмен келгенін ұғынатын күн. Алаш арыстарының аманатына адал болу, олардың ерлігін ұмытпау – әр ұрпақтың қасиетті борышы.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Жұмабек Ақниет

- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі