XXI ғасыр – технологияның қарқынды дамыған дәуірі. Смартфондар мен әлеуметтік желілер күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып, байланыс орнату мен ақпарат алмасуды жеңілдетті. Алайда олардың кең таралуы «цифрлық тәуелділік» деп аталатын жаңа әлеуметтік мәселенің пайда болуына себеп болды. Бүгінде таңертең көз ашқаннан кешке дейін экранға телміріп отыру қалыпты құбылысқа айналған.
Мамандардың айтуынша, әлеуметтік желілер мен қысқа бейнероликтер адам миындағы ләззат сезіміне жауап беретін жүйелердің белсенділігін арттырады. Соның салдарынан адам телефонды жиі тексеруге дағдыланады. Ақпараттың шамадан тыс көп болуы зейіннің шашырауына әсер етіп, ұзақ уақыт бір іске назар аударуды қиындатады. Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі мінсіз өмір көріністері кей адамдардың өз өміріне қанағаттанбауына себеп болуы мүмкін. Виртуалды қарым-қатынас артқан сайын бетпе-бет сөйлесу мәдениеті де әлсіреп барады.
Цифрлық тәуелділікпен күресу технологиядан толық бас тартуды білдірмейді. Ең бастысы – оны тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру. Мысалы, тамақтану кезінде немесе ұйықтар алдында телефон қолдануды шектеу, бос уақытты спортпен, кітап оқумен немесе жақындармен қарым-қатынас жасауға арнау пайдалы. Цифрлық әлем адамзатқа үлкен мүмкіндіктер ұсынады. Бірақ технологияны басқарушы адам болуы тиіс. Уақытты саналы пайдалану ғана жеке дамуға және өмір сапасын арттыруға жол ашады.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Жұмабек Ақниет

- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі