XXI ғасыр – технологиялық серпілістер дәуірі. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың қарқынды дамуы адам өмірін айтарлықтай өзгертті. Сол жетістіктердің ең маңыздысы – жасанды интеллект. XX ғасырдың ортасында пайда болған бұл технология бүгінде күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды.
Жасанды интеллектке қатысты қоғам пікірі әртүрлі. Бір тарап оның мүмкіндіктерін жоғары бағалап, еңбек өнімділігін арттыруға, уақытты үнемдеуге және күрделі мәселелерді шешуге көмектесетінін айтады. Шынында да, жасанды интеллект медицинада, білім беруде, өндірісте және экономикада кеңінен қолданылып келеді. Алайда бұл технологияға күмәнмен қарайтындар да бар. Олардың пікірінше, жасанды интеллектке шамадан тыс тәуелділік адамның ойлау, талдау және шығармашылық қабілеттерінің әлсіреуіне әсер етуі мүмкін. Әсіресе жастар арасында дайын жауапқа үйрену сыни ойлау дағдыларының дамуын тежейді деген пікірлер жиі айтылады.
Сондықтан мәселе жасанды интеллектінің өзінде емес, оны қолдану мәдениетінде. Бұл технология адамның орнын толық басатын құрал емес, керісінше оның мүмкіндіктерін кеңейтетін көмекші болуы тиіс. Жасанды интеллектті білім алуға, ғылымды дамытуға және экономиканың тиімділігін арттыруға бағыттай білсек, оның пайдасы әлдеқайда зор болмақ.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Сағызғалиева Ақторғын

- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі