Балалар – еліміздің болашағы әрі қоғамның ең қымбат байлығы. Сондықтан оларды қорғау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Әрбір бала қауіпсіз ортада өмір сүріп, білім алып, денсаулығын нығайтуға құқылы.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстанда 6 миллионнан астам бала бар. Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында елімізде 45-тен астам нормативтік-құқықтық акт қабылданған. Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында «неке мен отбасы, ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады» деп көрсетілген. Сонымен қатар 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні ретінде аталып өтеді.
Соңғы жылдары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылуда. Мысалы, 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қабылданды. Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың жеке шоттарына аударылуда. Сонымен қатар бала құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа заңдар қабылданып, мектептерде қауіпсіздік сабақтары енгізілуде. QR-111 жүйесі де балалардың құқықтық және әлеуметтік қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Алипбек Айгул

Бекзия
дұрыс