Жиреншенің ақылдылығы

Бір күні хан үлкен той жасапты, келген адамдар қасынан өткен сайын хан басын сипай беріпті. Бұның не екенін ешкім білмепті. Бір кезде Жиренше де кіреді. Хан бұрынғысындай басын сипайды, оны көрген Жиренше ханға тілін көрсетіпті. Сол кезде хан:

– Мен той жасап, барлық жақындарымды шақырдым. Әрқайсысың жанымнан өткеніңде, басымды сипап: «Басқа пәле неден?» – деп сұрадым. Бірақ ешқайсысың түсінбедіңдер. Ал Жиренше мен басымды сипай бастағанда, тілін көрсетіп, басқа пәле тілден екенін білдірді. Сендердің ешқайсысың Жиреншеге жетпедіңдер, – дейді.

Хан Жиреншені төрге шығарып, сый-сияпат көрсетіпті.


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)