Жасанды интеллект: мүмкіндік пе, әлде қауіп пе?

    Қазіргі таңда технологиялар қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдардағы ең маңызды жаңалықтардың бірі – жасанды интеллект. Бүгінде ол білім беру, медицина, өндіріс және журналистика салаларында кеңінен қолданылып жүр. Жасанды интеллект ақпаратты жылдам өңдеп, түрлі тапсырмаларды орындауға көмектеседі. Мысалы, дәрігерлер оны ауруларды анықтауда, мұғалімдер оқу материалдарын дайындауда пайдаланады. Бұл технология уақытты үнемдеп, жұмыстың тиімділігін арттырады.

Сонымен қатар, жасанды интеллекттің белгілі бір қауіптері де бар. Мамандар оның кейбір мамандықтардың орнын алмастыруы мүмкін екенін айтады. Статистика бойынша, 2025 жылы Қазақстанның өнеркәсіп орындарында 300-ден астам робот іске қосылған. Қостанай облысында 101 өндірістік робот орнатылып, олардың жалпы саны 145-ке жеткен. Жасанды интеллект адам өмірін жеңілдетіп, жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондықтан оның артықшылықтарын тиімді пайдаланып, ықтимал қауіптерін де ескерген жөн.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Амирбек Арай


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)