FIFA-2026: футболдың жаңа дәуірі

    2026 жылғы FIFA әлем чемпионаты футбол тарихындағы ең ауқымды турнир болмақ. Бұл жолы әлем біріншілігіне 48 құрама қатысады, ал жарыс алғаш рет бірден АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир 11 маусым мен 19 шілде аралығында ұйымдастырылып, матчтар 16 қалада ойнатылады. Ашылу кездесуі әйгілі Estadio Azteca стадионында өтеді. Осылайша бұл арена әлем чемпионатының ашылу ойынын үшінші рет қабылдайтын алғашқы стадион атанады. (ФИФА)

      Чемпионаттың басты ерекшеліктерінің бірі – финалда алғаш рет Super Bowl үлгісіндегі halftime showұйымдастырылуы. Концертте Shakira, Madonna және BTS өнер көрсетеді деп жоспарланған. Бағдарламаның көркемдік жетекшісі – Coldplay тобының мүшесі Крис Мартин. (ФИФА) Қазіргі әлем чемпионы – Аргентина құрамасы. Сондықтан жанкүйерлер команданың чемпиондық атағын сақтай ала ма деген сұраққа ерекше қызығушылық танытуда. Жаңа форматтың арқасында әлем чемпионатына бұрын сирек қатысқан елдердің де жолдама алу мүмкіндігі артты.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Айнұр Мұратқызы


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)