Кітап оқитын жастардың саны азайып бара ма?

    Қазіргі таңда цифрлық технологиялар адамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Әлеуметтік желілер мен түрлі қосымшалар уақытты үнемдеуге көмектескенімен, жастардың кітап оқуға бөлетін уақытын азайтып отыр.

Зерттеулерге сәйкес, әлемде әлеуметтік желілерді 5,66 миллиард адам пайдаланады. Орташа есеппен бір адам әлеуметтік желіде күніне 2 сағат 21 минут өткізеді. Ғаламтор қолданушыларының 94%-ы кемінде бір әлеуметтік желіге тіркелген. Қазақстанда да TikTok пен Instagram қолданушыларының саны жыл сайын артып келеді.

Мамандар жастардың кітаптан алыстауына қысқа бейнероликтердің көбеюі, уақытты дұрыс жоспарламау және телефонға тәуелділіктің әсер ететінін айтады. Алайда кітаптың маңызы өзгерген жоқ. Кітап сөздік қорды байытып, ойлау қабілетін дамытады және сауатты жазуға көмектеседі. Сондықтан технологияны тиімді пайдаланып, кітап оқуға да уақыт бөлген жөн.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Амирбек Арай


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)