Білімді ұрпақ – ел болашағы

    Елдің дамуы мен өркендеуі әрқашан білімді азаматтарға байланысты. Тарихта ғылым мен білімге ерекше көңіл бөлген мемлекеттер ғана жоғары жетістіктерге жетіп, өркениет көшінен қалмаған.

Қазіргі таңда технология қарқынды дамып, қоғамға жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан елдің болашағы білімді, білікті және жан-жақты дамыған жастардың қолында. Ертеңгі дәрігер, мұғалім, инженер, журналист пен ғалым бүгінгі оқушылар арасынан шығады.

Білім – адам өміріндегі ең үлкен құндылық. Ол адамның дүниетанымын кеңейтіп, өз орнын табуына мүмкіндік береді. Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы да жастарды ғылым мен білімге ұмтылуға шақырған. Оның «Ғылым таппай мақтанба» өсиеті бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Қазақстанда жастардың сапалы білім алуына жағдай жасалуда. Білімді әрі тәрбиелі ұрпақ қана елдің дамуына үлес қосып, мемлекеттің болашағын жарқын ете алады.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Манасова Жадыра


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)