Кітап – көкіректі көркейтетін болашақ жол

   Қазіргі таңда технология мен жасанды интеллект қарқынды дамып, ақпаратқа қол жеткізу жеңілдеді. Соған қарамастан, кітаптың маңызы өзгерген жоқ. Кітап оқу адамның сөздік қорын байытып, ойлау қабілетін дамытады, қиялын ұштайды және сауатты сөйлеуге, жазуға үйретеді. Көркем шығармалар оқырманды кейіпкерлер тағдырымен бірге толғандырып, өмірлік құндылықтарды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Ғалымдардың пікірінше, тұрақты кітап оқитын адамдардың есте сақтау қабілеті жақсы дамып, ойын анық жеткізу дағдысы қалыптасады. Сондықтан кітап – білімнің ғана емес, рухани дамудың да сенімді серігі. Кітап оқитын ұрпақ – елдің жарқын болашағының кепілі.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Қадыралина Забира


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)