Ұйқының жетіспеуі бізді қаншалықты баяулатады?

    Ұйқы – адамның денсаулығы мен еңбек өнімділігіне тікелей әсер ететін маңызды фактор. Мамандардың айтуынша, ересек адамға тәулігіне 7–9 сағат, ал 13–18 жас аралығындағы жасөспірімдерге 8–10 сағат ұйқы қажет. Ұйқының жеткіліксіз болуы зейіннің төмендеуіне, есте сақтау қабілетінің әлсіреуіне және шешім қабылдаудың қиындауына әкеледі.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мәліметінше, ұйқының қанбауы когнитивтік функцияларға, яғни ойлау, есте сақтау және назар аудару қабілетіне кері әсер етеді. Кейбір зерттеулерде ұзақ уақыт ұйқысыз жүру адамның реакция жылдамдығын алкогольдің әсеріне ұқсас деңгейге дейін баяулатуы мүмкін екені көрсетілген.

Қазіргі таңда көптеген жасөспірімдер кеш уақытқа дейін телефон пайдаланып, әлеуметтік желілерде отырады. Экраннан шығатын көк жарық ұйқы гормоны – мелатониннің бөлінуін тежейді. Harvard Medical Schoolзерттеулеріне сәйкес, бұл ұйықтау уақытын кешіктіріп, ұйқы сапасын төмендетеді.

Ұйқының тұрақты түрде жетіспеуі адамның көңіл күйіне, оқу үлгеріміне және жалпы денсаулығына кері әсер етеді. Сондықтан уақытылы ұйықтап, ұйқы режимін сақтау – салауатты өмір салтының маңызды бөлігі.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Нәрік Саяжан


Ұқсас тақырыптар

Нәрік Саяжан
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)