Қазақстандағы футбол мәдениеті: даму мен шынайы жағдай

   Футбол – әлемдегі ең танымал спорт түрі әрі көптеген елдерде ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналған. Еуропада жанкүйерлер клуб тарихын құрметтеп, матчтарға тұрақты қатысып, ерекше атмосфера қалыптастырады. Қазақстанда да футболға қызығушылық артып келеді, алайда бұл мәдениет әлі де даму кезеңінде.

Еліміздегі басты мәселелердің қатарында инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, балалар футболының баяу дамуы және көрермен санының тұрақсыздығы бар. Соған қарамастан, соңғы жылдары жанкүйерлік қозғалыс белсенді бола бастады. Әсіресе, Ақтөбе мен Ордабасы клубтарының фанаттық қауымдастықтары елдегі ең танымал топтардың қатарында саналады. Олар матч кезінде ұйымдасқан қолдау көрсетіп, баннерлер мен әндерді пайдалану арқылы өздерін еуропалық жанкүйерлік стильге жақын танытады.

Қызықты дерек: Қазақстан 2002 жылдан бері UEFA құрамына кіреді. Бұл қазақстандық клубтар мен ұлттық құраманың Еуропаның үздік командаларымен бәсекелесуіне мүмкіндік береді. Сондықтан елімізде футбол мәдениетін дамыту тек нәтижеге ғана емес, жанкүйерлік дәстүрдің қалыптасуына да байланысты.  

Авторы: Рысбек Жұбаныш


Ұқсас тақырыптар

Рысбек Жұбаныш
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)