ҰБТ: мүмкіндік өлшемі ме, әлде тағдыр шешімі ме?

    Бүгінде ҰБТ Қазақстандағы ең маңызды емтихандардың біріне айналды. Жыл сайын оған 200 мыңнан астам талапкер қатысады. 2025 жылы негізгі ҰБТ-ны 210 мыңнан астам адам тапсырған. Алайда қоғамда бір сұрақ жиі қойылады: ҰБТ шынымен білімді анықтай ма, әлде белгілі бір уақыттағы нәтижені ғана бағалай ма? Кейбір оқушылар үшін жоғары балл – грант пен жақсы мамандыққа жол ашатын мүмкіндік. Басқалары үшін бұл атақ пен бәсекенің көрсеткіші. Ал қабілеті жоғары болғанымен, тест форматына бейімделе алмайтын жастар үшін ҰБТ кейде үкім секілді көрінеді.


Шын мәнінде, адамды бір ғана емтиханмен бағалау қиын. Тарихты жақсы білетін, шығармашылыққа немесе журналистикаға бейімі бар оқушы тест кезінде өз әлеуетін толық көрсете алмауы мүмкін. Бірақ бұл оның болашағы жоқ деген сөз емес.

Сондықтан білім беру жүйесі тек тест нәтижесіне емес, оқушының жобаларына, қоғамдық белсенділігіне және шығармашылық жетістіктеріне де назар аударуы тиіс. Оқушылар да тек ұпайдың емес, нақты білім мен дағдының артынан қууы қажет. Өйткені жоғары балл жақсы мүмкіндік беруі мүмкін, бірақ өмірдегі табысты тек тест нәтижесі анықтамайды.  

Авторы: Рысбек Жұбаныш


Ұқсас тақырыптар

Рысбек Жұбаныш
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)