Жаралайтын - жат емес
Өзім көңілшек адаммын. Қит етсе көз жасым дайын тұрады. Тек жанымдағы жақын, бірге өскен, балғын шақты бірге өткерген жандардың жанында. Әсіресе мектеп деген қасиетті шаңырағымда. Бүгін осындайсың ертең қандай боласың? Үлкен өмір көз жасына көнбейді. Алдап, арбап, аяқтан шалатындардың мыңын көресің дейтін. Осы сұрақтарына жөнді жауап айта алмай мезі болатын ем. Танымайтын адам аяқтан шалмақ түгіл одан сорақысын істесе де жүрегім селк етпейді деп.
Енді осыған нақты жауапты әлеуметтік желіде бір ақсақалдан көрдім. Айтыскер ақын, жазушы Шорабек Айдаровтан. Контенті өсиетке бай екен. Өмірге қажетті мысалдарды әсерлі жеткізуі ұнады. Тапқан алтын өсиет алтыннан басталып былай делінген: «Алтынды өңдейтін кезде оны темір балғамен соғады. Темір балғамен қанша соқсаң да алтын «тырс» деген дыбыс шығармайды екен. Ал енді темір балғамен темірді де өңдейді. Балғамен ұрып жатқан кезде темірден қатты тарс-тұрс еткен дыбыс шығады. Осының мәнісін алтын темірдің өзінен сұрапты: « Ей, темір, сені де балғамен соғады, мені де балғамен соғады. Мені балғамен соққан кезде мен ойбайлап айқайламаймын. Ал сені соқса сенің жан дауысын шығатыны не?» деген сұрақ қояды. Сол кезде темір айтыпты: « Е сені соғатын темір » депті. Темір енді ол саған жат нәрсе.Сенің туысын емес бөтен біреу ол. Ал темір балға менің өзімнің бауырым. Өзімнің туысқаным, өзімнің тегім. Өзімнің жақыным мені ұрған кезде менің жаныма өте қатты батып жатады. Сол үшін мен ойбайлап айқайлаймын депті. Жағдай былай ғой. Мысалы біреудің саған жасаған қиянатынан көрі өзіңнің бауырың саған қиянат жасаса сол жанына өте қатты батады екен. Қазақта мынандай қара өлең бар: Ағайын қай кезде де көзге тәуір, өкпе жоқ кеудемдегі бәрі бауыр. Дұшпанның дәлдеп салған найзасынан, досыңның маңдайынан шерткені ауыр дейді.»
Расында жақынның жасаған қиянаты жаттың қастығынан өткір келеді. Көңіл көлшіп, көкейде мың сұрақ толқып алқымды қысқанда көз жасынды қалай тыясың? Солай емес пе?

- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі