|
БЕЙБЕРЕКЕТ КОНТЕНТ, БЕЙҚАМ БАЛАЛЫҚ |
|
|
Көп нүктелі алақан. Бала кезімде YouTube-тен бір видео көрдім. Даланың еркесі болып жүрген кезім. Телефонды күнара қолыма бір алатынмын. Көңілім қардай аппақ, пейіліме бір қара дақ түспеген кезімде бір ұсқынсыз бейнені көзім шалды. Көзге түрпідей тиетін суреттер. Жәндік еді. Үсті тесік-тесік. Өзі шаққан адамның алақанының суреті де бар. Желіде өрбіп жүр.
Әлбетте, сол жәндік туралы қатарластарым білетін. Сол қорқынышты, жаман ауру мен жара беретін жәндікті әңгімелеп, тіпті шөптің арасында шаттана ойнаудан қалдық. Дала еркесі үшін бұл үлкен қасірет. Өзінен бұрын қорқынышты бейнесі жеткен ол әлеуметтік желіні лезде жаулап алды. Оны көруге мен мүлдем құштар емес едім. Қатты қорықтым. Алғаш көрген сәтімнен-ақ миым шошынған еді. Солай менде Трипофобия қалыптасты. Ол-көп, ретсіз орналасқан тесік, нүктелерден туатын мазасыздық. Уақыт өте әлгі жәндіктің қиялдан туған дүние, монтаж екенін түсіндім. Түсінсем де жүйкем сондай сынды дүниелерге реакция беруін тоқтатпады. Бұл фобияның салдары-ақпараттың бейберекет таралуынан. Қазір әлеуметтік желі-ашық кеңістік. Түрлі жалған ақпарат, қорқынышты бейнелер, психологияны бұзатын контент лық толы. Заман легіне еріксіз ілескен кішкентай бүлдіршіндер орынсыз, жалған ақпаратты көріп сараптай алмайды. Біз бір ғана видеомен фобия қалыптастырамыз. Бір ғана постпен баланың бейбіт әлеміне қара дақ түсіреміз. Әлеуметтік желінің жалғандығы көбіне балаларға қауіпті. Ересек адамдарға да кері әсерін берер дегенмен, бірінші кезек мені көңілдері таза бүлдіршіндер алаңдатады. Осы жақында желіде бір-екі контент көзіме күйік болып, ішімді сонша қынжылтты. Шашты су сабын емес, кір жуатын ұнтақпен жуу тәсілін қаралым жинау мақсатында жарнамалап жатыр екен. Енді бірі иреленіп қалған, жабысқақ, созылмалы слаймды шашқа керемет маска деп таныстыруда. Бұл айлаға тіпті ересектер де арбануда. Қаншама адам сағаттап шашпен алысты. Жолдары жеңілденіп слаймды ажыратып , қаншама қаралым жинап мәз болар. Дегенмен, олар жауапкершілікті оңай ысырды. Олардың бастары аман қалғанымен, өзгенің, әсіресе бейқам баланың басы аман қалады ма? Бізде кіші кезімізде көргенімізді істеп, ересектерді үлгі тұтқанбыз. Бала санасы ақ пен қараны әлі ажырата алмайды. Ол үшін мына әлем мейірім мен бақытқа толы. Кез келген шағын әрекет ол үшін қызық. Тұрмыстық тазалауға арналған дүние мен арнайы дайындалған қауіпсіз өнімді ажырата алмайтын ажыратса да қасақана ойластыратын шошақайларды әлеуметтік желі сыйдырады. Сумаңдап жүріп жинаған көрермен алдында жауапкершілік ала алмайды. Дегенмен, адамгершілігі бар жан сұғанағы ұстаса да, ағалық парызды өтеуі тиіс. Үлгілі әрекет көрсетуі керек. Өмірге деген құштарлығы керемет, тіпті түсте ұйықтамай тұрып алатын тәтті бүлдіршіндер көрінген әрекетке сенеді. Қайталауға құлшынып тұрады. Олардікі-орынды. Бұл-табиғи ізденіс, қызығушылық. Солай болуы тиіс. Орынсыз, жалған әрекетке қызығып, шошынып қалмауы-біздің жауапкершілігіміз. Орынсыз контен шығармауға, көрсетпеуге, жолатпауға оқталуымыз қажет. Әлеуметтік желі-мүмкіндік алаңы ғана емес, қауіптің де көзі. Әсіресе бала санасы үшін. Сондықтан біз-ересектер, желідегі әр әрекетімізге жауапты екенімізді ұмытпауымыз қажет. Шынайылық пен ізгілікке негізделген мазмұн ғана келер ұрпаққа пайда әкелмек. Ақпарат тіпті қортылып үлгермейтін ғасырда тәрбиенің іргесі-бейберекет емес, байыпты болуы тиіс |
|
|
|
|
|
|

- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі