Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдері ақылды қалалар (Smart City) тұжырымдамасын дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Ақылды қала – ақпараттық технологиялардың көмегімен басқарылатын, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған заманауи қала.
БҰҰ мәліметінше, 2050 жылға қарай әлем халқының шамамен 68%-ы қалаларда өмір сүреді. Сондықтан қалалық инфрақұрылымды тиімді басқару маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Ақылды қалаларда көлік қозғалысы цифрлық жүйелер арқылы реттеліп, кептелістер азаяды. Сонымен қатар энергияны үнемдейтін жарықтандыру жүйелері мен экологиялық бақылау технологиялары кеңінен қолданылады.
Мұндай қалаларда тұрғындар көптеген қызметті онлайн түрде алады. Бұл уақытты үнемдеп, қызмет көрсету сапасын арттырады. Ақылды қалалар – ғылым мен технология жетістіктерінің нәтижесі. Олар қауіпсіз, ыңғайлы және экологиялық таза орта қалыптастырып, қоғамның тұрақты дамуына ықпал етеді.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Базарбаева Ақбота

- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі