Арманымдағы мамандық - болашағымның кілті

Мамандықты жүрек қалауымен таңдау-бақытты болашақтың кепілі

 

Қазіргі таңда, көп оқушылар мамандықты таңдар алдында, ата-анасының пікірі бойынша немесе сол мамандықтың болашағына, ақшасына қарап таңдайды. Ал өз арманын тек шетке ысырып қоюды дұрыс деп есептейді.

 

Мамандықты жүрек қалауымен таңдау - болашаққа нық әрі сенімді қадам. Болашақ мамандық – ол сенің сүйіп айналысатын ісін, сонымен қатар, әр таң сайын асығып оянатын және ешқашан жалықпайтын тұрақты жұмысын. Ал оны таңдар алдында, ешкімнің пікірін тыңдамай, жүрек қалауын тыңдаған абзал.

 

Мамандық ол тек диплом емес, болашақта сені бақытқа бөлейтін табыс. Сондықтан, болашақта сүйіп жасайтын ісіңді біреудін қысымымен таңдаған, өміріндегі ең үлкен қателікке айналуы мүмкін. 

 

Кейде, айналаңдағы ортан саған “беделді”, “табысты” мамандықтарды ұсынуы мүмкін. Мысалы, дәрігер, мұғалім, заңгер немесе полицей қызметі, т. б өлмитін мамандықтар деп талап етеді. Алайда, әр адамның қызығушылығы, қабілеті мен арманы әртүрлі. Біреу өнерге, сахнаға жақын болса, біреулер саяхатқа, техника немесе басқа елдердің тілін үйренуге қызығады. Егер адам өзіне ұнамайтын іске, өзін мәжбүрлесе, онда физикалық түрде және моральдық түрғыдан денсаулығына кері әсерін береді. Басқа жағынан, барлық уақыты жоққа кетеді және ол өткізген күндерінен еш ләззат ала алмайды. Тіпті қатты стресске түсіп кету ықтималы жоғары.

 

Мамандықты жүрекпен таңдау - табысқа жетудің басты кілті. Адам өз ісің жақсы көрсе, өзін-өзі одан сайын дамытуға, көңіл-күйінің жақсы болуына қатты назар аударады. Осындай адамдар өз ортасында, өз саласында кәсіби маманға айналады. Артынан сенімді, жеке ой қалыптасқан тұлғаларды өсіреді. Ал өлмейтін мамандық деп немесе ортаның, туысқандардың ойымен таңдау жасағандар, тек міндет үшін жұмыс істейді. Тағы бір жағынан, бұл адамды рухани тұрғыдан қажытып, өмірден түңілтеді.

 

Әрине, таңдау жасар алдында басқалармен, әсіресе ата-анаң, отбасыммен ақылдасқан жөн. Себебі ата- анамен ой пікір алмасып, ақыл-кеңесітерін тыңдау, әр адам үшін маңызды. Бірақ, соңғы шешімді өз болашағың үшін өзің қабылдауын қажет. 

 

Ертеңгі уақытта сол жұмысты жасайтын, сол жұмыстың табысын көретін – сен. Өз арманыңды құрбан етіп, біреудін таңдауымен өмір сүру - ақымақтық және әділетсіздік. Бір жағынан өз-өзіңді алдайтын көз бояушылық.

 

Қорытындылай келе, мамандық таңдау жауапты әрі маңызды қадам. Өз қабілетіңді,қызығушылығыңды, алдына қойған мақсатыңды ескеріп, жүрекпен таңдайтын шешімдердің бірі. Ал, ол таңдау ,адамға күнде берілетін таңдау емес. Ең бастысы, өзіңе деген сенім. Сонда ғана өз жолыңды тауып, бақытқа жете аласың.


WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (7)

Дәурен

Қандай керемет өте әсерлі

Дәурен

Өте әсерлі

Дәурен

Керемет

Balausa Amirova

Ойыңыз өте дұрыс😍сәттілік серігіңіз болсын🤲🏻

Марлен

Келысем

Едіге

Әдемі

Балауса

Ойың өте дұрыс😍Арман мақсатыңа жетп біліңіз 🤲🏻