Қазіргі таңда көптеген жастар шетелде білім алуға ұмтылады. Себебі шетелдік жоғары оқу орындары сапалы білім беріп қана қоймай, студенттердің ғылыми, кәсіби және тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Шетелде оқу жастардың жаңа мәдениетпен танысуына, шет тілдерін жетік меңгеруіне және халықаралық тәжірибе жинауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар әртүрлі елдерден келген студенттермен қарым-қатынас орнатып, дүниетанымын кеңейтеді.
ЮНЕСКО деректеріне сәйкес, әлем бойынша шетелде білім алып жүрген студенттердің саны 6 миллионнан асады. Бұл халықаралық білім беруге деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.
Мамандардың пікірінше, шетелдік білім – болашаққа жасалған маңызды инвестиция. Ол жастардың кәсіби біліктілігін арттырып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына ықпал етеді. Алайда алған білім мен тәжірибені ел игілігіне жұмсау да маңызды.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Қадыралина Забира

- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі