Ауғанстандағы заң тәртібі қаншалықты тиімді?

     Ауғанстанның қазіргі құқықтық жүйесі көптеген елдерден ерекшеленеді. Елде билік жүргізіп отырған «Талибан» қозғалысы заңдарды шариғат қағидаларына сүйене отырып жүзеге асырады. Бұл жүйе қоғамдағы тәртіпті сақтауға бағытталғанымен, адам құқықтарына қатысты халықаралық деңгейде көптеген пікірталас тудырып отыр.

Әсіресе әйелдер мен қыз балалардың құқықтарына қатысты шектеулер жиі сынға ұшырайды. ЮНЕСКО мәліметінше, Ауғанстан – қыз балалардың орта және жоғары білім алуына тыйым салынған әлемдегі жалғыз мемлекет. Қазіргі таңда 2,2 миллионнан астам қыз бала мектептің жоғары сатыларында білім алу мүмкіндігінен айырылған.  

Соған қарамастан, көптеген ауған отбасылары қыздарының білім алғанын қолдайды. Сарапшылардың пікірінше, білім беру мүмкіндіктерін кеңейту елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына оң әсер етуі мүмкін.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Қадыралина Забира


Ұқсас тақырыптар

Қадыралина Забира
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)