Өлең, жыр, ақындар

Дыбыс жайлы 10 таңғаларлық дерек

Адам өмірге келгенде алғаш еститіні және өмірден кеткенде соңғы еститіні – дыбыс. Ал екеуінің арасында бір ғұмыр жатыр. Өмірдің өзі айқай-шу, салдыр-гүлдір, тарс-тұрс, ән-күй, үндер, жалпы, дыбыстардың толық какофониясынан тұрады. 

 

1. Олардың деңгейін децибелмен (дБ) өлшейді. Адамның есту қабілеті көтере алатын ең жоғарғы шама (ауру сезімі тудыратын), бұл 120–130 децибел аралығы. Ал 200 децибилден өліп кетеді.
Қарапайым әңгіме – бұл шамамен 45–55 дБ.
Офистегі дыбыс — 55–65 дБ.
Көшедегі шу — 70–80 дБ.
Басқышы бар мотоцикл — 85 дБ-ден жоғары.
Реактивті ұшақ старт кезінде 130 дБ-ге жететін дыбыс шығарады.
Ал ракета — 145 дБ-ден жоғары.

 

2. Адамдарға дыбыс пен шудың айырмашылығы жоқтай көрінгенімен, екеуі бір емес. Мамандар үшін бұл екі терминнің арасында үлкен айырмашылық бар. Дыбыс – бұл жануарлар мен адамдардың сезім мүшелері қабылдайтын ауытқулар. Ал шу – бұл дыбыстардың бейберекет араласуы. 

 

3. Дауысымыздың таспада өзгеше болып шығуы, ол біздің «өзге құлақпен» тыңдайтынымыздан. Бұл біртүрлі естілгенімен, бірақ дәл солай. Біз сөйлеген кезде дауысымызды екі жолмен қабылдаймыз – сыртқы (есту каналы, дабыл жарғағы мен ортаңғы құлақ) және ішкі (дыбыстың төменгі жиілігін күшейтетін бас тіндері арқылы). 
Ал сырттан тыңдаған кезде тек сыртқы канал жұмыс істейді. 

 

4. Кейбір адамдар көз алмасының айналғандағы дыбысын ести алады. Сонымен қатар тынысын естиді. Бұл ішкі құлақтың ақауынан болады, оның сезімталдығы қалыптыдан аса жоғары екенін білдіреді.

 

5. Теңіз қабыршағы арқылы біз тыңдап жүрген теңіз шуы, шын мәнінде біздің қан тамырларымыз арқылы ағып жатқан қанның дыбысы. Құлағымызға қарапайым шынаяқты қойып та осындай дыбысты ести алуға болады. Жасап көріңіз!

 

6. Керең адамдар да ести алады. Бұған бір мысал: атақты композитор Бетховен, білетініміздей, керең болған, алайда ұлы туындыларды дүниеге алып келді. Қалайша? Ол... тісімен тыңдайтын! Композитор таяқтың бір ұшын рояльға қойып, ал екінші ұшын тісімен қысып отырған – осылайша дыбыс ішкі құлаққа жетіп отырған. Композитордың ішкі құлағы сыртқысына қарағанда сау болатын.

 

7. Дыбыс жарыққа айнала алады. Бұл құбылыс «сонолюминесценция» деп аталады. Сфералық ультрадыбыстық толқын тудыратын резонаторды суға салу арқылы осындай құбылысты байқауға болады. Толқынның сейілу фазасында өте төмен қысымның әсерінен кавитациялық көпіршік пайда болады, ал кейін қысылу фазасында тез жарылады. Бұл сәтте көпіршіктің дәл ортасында көк жарық пайда болады.

 

8. «А» — әлемде ең жиі айтылатын дыбыс. Ол планетамыздың барлық тілінде кездеседі. Ал жалпы әлемде шамамен 6,7-7 мың тіл бар. Адамдар көбіне қытай, испан, хинди, ағылшын, орыс, португал және араб тілдерінде сөйлейді.

 

9. Адам қалыпты үнмен айтылып жатқан ауызша әңгімені 5-6 метр қашықтықтан ести алатын болса, қалыпты саналады. Немесе жоғары үнмен айтылып жатқан әңгімені 20 метр қашықтықтан есту де қалыпты. Егер 2-3 метр қашықтықта айтылып жатқан әңгімені нашар еститін болсаңыз, онда сурдолгқа қаралған жөн. 

 

10. Біз есту қабілетімізді жоғалтып жатқанымызды байқамай қалуымыз мүмкін. Өйткені бұл процесс, әдетте, бір сәтте емес, бірте-бірте жүреді. Процесс басталған сәтті қалт жібермей, дәрігерге қаралатын болса, бұл ақауды емдеп алу оңай. Алайда адам есту қабілетінің нашарлай бастағанын бірден байқамайды. Ал ауру асқынып кеткен жағдайда дәрігерлер де еш көмектесе алмай қалады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

дубәрә

маган унады барлыгы керемет мен телефонга дыбыс калдырганда неге жагымсыз болатынын тусындым рахмет

Байболат

Кызықты екен, керемет

Дуду

Керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар