Бір есім, мың тағдыр, бір рух

     Адамға есім кездейсоқ қойылмайды. Кейде бір есімнің өзі тұтас ұлттың тарихымен астасып жатады. Қазақ халқы үшін сондай ерекше есімдердің бірі – Мұхтар. Бұл есім ұлтқа қызмет ету, шындықты қорғау және рухани мұраны сақтау ұғымдарымен сабақтас.

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінде «Мұхтар» есімін асқақтатқан үш ірі тұлға бар. Соның бірі – Мұхтар Әуезов. Ол қазақ әдебиетін әлемге танытқан ұлы жазушы. Оның басты еңбегі – «Абай жолы» роман-эпопеясы. Жазушы қазақ халқының тұрмысын, салт-дәстүрін және рухани болмысын көркем түрде бейнелеп, ұлттық әдебиетті жаңа деңгейге көтерді.

Екінші тұлға – Мұхтар Мағауин. Ол қазақ тарихының көмескі беттерін зерттеп, ұлт жадында сақталуы тиіс құндылықтарды шығармалары арқылы қайта жаңғыртты. Әсіресе «Аласапыран» романы тарихи сананы қалыптастыруда ерекше орын алады.

Ал Мұхтар Шаханов поэзия арқылы халықтың рухын көтеріп, қоғамдағы маңызды мәселелерге үн қосты. Оның шығармаларында адамгершілік, ұлттық құндылықтар мен азаматтық ұстаным тақырыптары кеңінен көрініс тапқан.

Үш түрлі тағдыр. Үш түрлі жол. Бірақ мақсат бір – ұлтқа қызмет ету. Әуезов руханиятты көтерді, Мағауин тарихты жаңғыртты, Шаханов қоғамдық сананы оятты. Сондықтан «Мұхтар» – жай ғана есім емес. Бұл – елге адал қызмет етудің, рухани биіктіктің және ұлттық жауапкершіліктің символы.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Берік Дильназ


Ұқсас тақырыптар

Берік Дильназ 
WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)