- Басты бет
-
Әңгіме мен мақала
-
Нәзір Төреқұлов -өз дәуірінің дара қаламгері
Нәзір Төреқұлов -өз дәуірінің дара қаламгері
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бел ортасында жүрген біртуар азамат, аса көрнекті мемлекет қайраткері, ғалым-ағартушы, тұңғыш кәсіби дипломант, артында өшпес құнды мұра қалдырған тұлғамыздың есімі қайта жаңғыртылып, олар туралы кеңінен жазыла бастады. Міне, сондай тұлғалардың бірі – Нәзір Төреқұлұлы Төреқұлов.
Нәзір – Сауд Арабиясында консул болған қазақтан шыққан тұңғыш дипломат. Құранды жатқа білген, бірнеше рет қажылық парызын өтеген, мұсылман мүддесін қорғап талай мақалалар жазған Нәзірді бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. «Елім» деп өткен ерлерді ұрпаққа таныту – міндет деп білемін.
Нәзір Төреқұлов ана тілін ардақтай отырып, өзбек, тәжік, шағатай, парсы, араб, орыс және француз, неміс тілдерін де еркін меңгерген. Кеңес Одағының өзінде-ақ Ресейдің отаршылдық саясатын сынап, елі мен жерін тілін, дінін, ділін, ұлтының ар – намысын жоғары ұстап отырған. Шын мәнінде Нәзір Төреқұловтың еңбектері, ой-пікірлері оны «Халық жауы» етті. Қанша жылдар өтсе де Нәзір Төреқұловтың бұл тараптағы ойлары мен істері ескірген жоқ. Атасы Төреқұл сауда жолына тәрбиелеген Нәзір жан-жақты білімдар болғанымен, кәсіби экономист ол бұралаңы мол қиын жолды неге таңдаған? Оған жауап, халқына шынайы жанашырлықтан болар, ол даусыз.
Студент Нәзір «қазақ» газетіндегі мақалаларын ұлт тәуелсіздігі жолындағы жан пида күреске арнады. Қаламын тастамай жүріп әкім де, ұлық та болып көрді, ақыры ғылым жолын таңдады. Кейін Н. Төреқұлов төраға бола жүріп Түркістан Республикасы Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болған. Халық ағарту салаларына араласып, сауаттылықты көтеруде белсенде жұмыс жүргізген. Құрбан айттың үш күнін демалыс деп жариялауға қол жеткізген. Сондай-ақ, демалыс күнін жексенбіден жұмаға ауыстыру туралы делегатқа қол қойған да осы кісі.Үлкен ғылыми мансап пен атаққа іліге алмады.Бұғауда бұлқындаған Нәзірдің ғұламалығы, ел-жұртына жанашырлығын бәрібір дәлелдеп кетті. Халқына қалтқысыз қызмет етіп, артына өшпейтін мол мұра қалдырған Н.Төреқұлов жұлдызы жыл өткен сайын нұрланып, жарқырай бермек. 2024 жылы 18 қазанда Нәзір Төреқұловтың туғанына -132 жыл толды. Ұлт рухын ұлықтаған халқымыздың осындай асыл азаматын кейінгі ұрпақ жадында мәңгі сақтағаны абзал.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі