1914 жылы 26 қаңтарда Абайдың қайтыс болуына 10 жылдық алғашқы мерейтойды қазақтың алғашқы журналистерінің бірі, аудармашы, педагог, 27 жасар қазақ қызы Нәзипа Құлжанова ұйымдастырды. Нәзипа Абайды еске алу үшін Семейде әдеби-музыкалық кеш өткізді.
Ол кезде Абай тұлғасын Семей қазақтарының өзі дұрыс танымаған еді.
Дәл осы кеште Абайдың өлеңдері айтылып, Нәзипа екі тілде Абай жайлы баяндама жасады. Ол кештің эффекті осы кештен кейін көрінді. Адамдар Абайды зерттеуге асықты, өлеңдерін жаттады.
Айқап журналында “25 күні Абайды тану кеші ұйымдастырылды. Оны Н.Құлжанова өткізді және оған алғыс айтуымыз қажет” делінген.
Қазақ газетінде Міржақып Дулатов “бұл кеш қазақ ақынының құрметіне жасалған бірінші кеш болды” - деді.
Н Құлжанова “Желсіз түнде жарық ай”, “Ғашықтың тілі - тілсіз тіл”, “ Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат” деген Абай өлеңдерін оқыды.
Сонымен қатар 1915 жылы 13 ақпанда Нәзипа Құлжанова Шәкәріммен бірге екінші Абайды еске алу кешін ұйымдастырады.
Нәзипа Құлжанова 1915 жылы “Сібір студенті” газетінде орыс халқына Абай туралы мақалаларды жиі жазды. Осылайша, қазақ және орыс қауымының Абаймен танысуының маңызды оқиғаларында Нәзипа Құлжанова елеулі орынды алды.
Бұл Нәзипа Құлжанованың қазақ және орыс халықтарының Абайды тану жолына қосқан титтей үлестерінің бірі.

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі