Бүгін мен алғаш рет Астананың жаңа белгісі - LRT-ге міндім. Бұл жай ғана көлік емес, бұл - елордамыздың көркейіп, дамып келе жатқанының нақты дәлелі.
16 мамыр 2026 жылы елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаевтың рұқсатымен Astana LRT ресми түрде іске қосылды. Сол күні Мемлекет басшысы Астана қаласы келешекте Еуразияның көлік хабына айналуы тиіс екенін атап өтті. Расында да, бұл күн еліміз үшін мәңгі тарихқа айналды.
LRT-нің ішіне кірген сәтте-ақ соны сезіндім. Дизайны әр адамды тебірентеді. Төбесі сары түсті қошқармүйіз оюымен әсемделген. Бұл - біздің ұлттық код, қазақы рух. Ал жан-жағындағы барлық жазулар мемлекеттік туымыздың көгілдір түсімен түстелген. Көгілдір аспандай ашық, бейбітшіліктей таза.
Терезеден қарасам, қала құс көзіндей. Astana LRT-ге түсірген бейнетаспаларды көрсеңіз, көзіңізге Астананың кешегі кенттен бүгінгі мегаполиске айналған тарихы елестеп, жүрегіңіз марқайып қалады. Осындай сәтте еліңіздің көркейіп жатқанына, дамып келе жатқанына мақтаныш сезімі кернеп тұрады.LRT-ге мінген әр адамның көзінде бір қуаныш бар. Балалар терезеге таңдана қарайды, жастар видеоға түсіреді. Сол күні елбасымыз: “This is only first step! - Бұл жолдың басы ғана!” - деген болатын. Бұл сөздің мәні зор. Яғни алда бізді одан да зор жобалар, одан да әдемі Астана күтіп тұр.
LRT тек адам таситын транспорт емес. Бұл – заманауи технология мен ұлттық болмыстың, бүгінгі күн мен ертеңгі болашақтың тоғысқан жері. Көркейе бер, елорда! Біз сенімен біргеміз.

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі