Жақсы мен жаман адамның қасиеттері
Бұл бетте «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» атты Сүйінбай Аронұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жақсы жігіт ел - жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,
Қыранның қырдан байқар баласындай.
Жаман парқы жақсымен бірдей емес,
Жақсы жігіт елінің ағасындай.
Жақсының сөзін әркім пайдаланар,
Миуалы алма, өріктің ағашындай.
Жаманның көкірегі - көр, көзі - соқыр,
Жүрер жолдан тал түсте адасып - ай.
Жақсы адам қай жерден ажырайды,
Жақсымын деп бәрі жүр таласып - ай.
Жамандар - өтірікші, өсегі көп,
Ел-жұрттың іріткі салар арасына - ай.
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,
Жанбай қалған ағаштың шаласындай.
Соқтығып әркімге бір ұрынады,
Сиырдың тентек болған танасындай.
Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,
Жылқының қотыр болған аласындай.
Жақсы адам елдің басшы серкесіндей,
Жұғымды болар елге еркесіндей.
Жақсының жүзі жылы, сөзі майда,
Халқымның қалың жүнді көрпесіндей.
Жақсы болар баланың жүзі жақсы,
Орыстың күймей піскен бөлкесіндей.
Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы,
Жасынан бірге өскен еркесіндей.
Жақсы кісі көрінер жыл құсындай,
Жаман адам балтаның ұңғысындай.
«Олақтан салақ жаман» ─ деген мақал,
Жамандар түзей алмас тұрмысын - ай.
Жақсы адам алысты жақын етер,
Беттескен екі таудың тұрғысындай.
Жамандар өсек-аян айтып жүрер,
Ешкімнің білмесе де қылмысын- ай.
Жаманның кеудесі үлкен, сөзі кесек,
Ақылы ауысқан адамның жындысынд - ай.
Екеуін салыстырып әдейі айттым,
Қажетін қолданарсың тұрмысыңа - ай.
Жаман адам балтанын унгысындай деген жолынын магынасын тусындырындершы
Маганда сол керек :-(
Маганда сол керкэек
Men izdegen takirip
men izdegen takirip
Маған осы тақырыпқа ойтолғау керек еді.Көмектесіңіздерші.
Ұңғы - қайсыбір құралдың сапқа киілетін қуыс жағы, қуысы. Сүйінбай жаман адамды осыған теңеген.
Маганда сол керек отинем жазыниздаршы
Маган конспекти керек ет жаксы мен жаман адамнын касиеттери не комектесиниздерши
Маган метафора деген не?
маган ой толгау керек еды.комектесыныздерш
Балтанын унгысында деген мысалыга басы бар бирак мыйы жок ишинде деген сияктыгой
Жаман адам балтаның ұңғұсындай деген мағына түзеу сапты бұрұп һəм қисайтып тұрғандығын,түзеу сөзді бұрмалағанды айтқаны болу керек.
Өте керемет!
Өте керемет