Бүгінде ең маңызды жаһандық проблемалар қатарында экологиялық мәселе ең алдыңға орынды иеленеді. XXI ғасыр - технолигия заманы болғанымен, планетамыз үшін үлкен қауіп төніп тұр. Бұл тек планетамыз үшін үлкен қауіп қана емес, адамзат өміріне тікелей әсер етеін үлкен дау. Егер бүгіннен бастап әрекет жасамасақ барлық адамзат пен тірі тіршілік құрдымға кетуі ықтималдығы өте жоғары.
Ауаның ластануы, қоршаған ортада қоқыстардың көбеюі, ормандардың жойылуы, жаһандық жылыну, т.б экологиялық мәселелердің басты себебі - жер бетіндегі халық санының артып, қоршаған ортаға шамадан тыс әсері. Адам баласының тұтынушылық сұранысы артқан сайын, табиғи ресурстарды аяусыз пайдалану мен өндіріс орындарының қарқыны да еселне түсуде. Соның салдарынан атмосфераға зиянды газдар шығарылуы бақылаудан шығып, ауа сапасы күрт нашарлауда. Бұл мәселелер адам ағзасына әсер етпей қоймайды. Ауа сапасының нашарлауы түрлі өкпей ауруларының көбеюіне алып келеді.
«Қоқыс – табиғаттың емес, адамның жауапсыздығының ізі.» бұл нақыл сөз қазіргі таңдағы ең маңызды мәселені сипаттайы. Осы жауапсыздықтың кесірінен қоршаған орта зардап шегуде. Мысалы, Жерорта теңізі – қоқыстың, әсіресе пластик қалдықтарының көптігінен қатты ластанып, экологиялық дағдарысқа ұшырап жатқан теңіздердің бірі. Қазіргі есептер бойынша, адамзат жылына шамамен 2,3-2,6 миллиард тонна қоқыс шығарады, ал орташа есеппен күніне 6-7 миллион тонна қоқыс деген сөз. Мұндай көп қалдық теңіздер үшін ғана емес, планета үшін, адамзат үшін өте үлкен мәселе.
Біз мұндай мәселерге бейжай қарамуымыз керек. Әрекетсіздіктің салдары - ертеңгі апаттың кепілі. Сондықтан апаттардың алдын алып, табиғатты аялауымыз керек. Қазір күнделікті өмірдегі экологиялық мәдениетті ұстанып, қоқысты сұрыптап, суды үнемдеп, пластиктерді азайтсақ, айтарлықтай өзгерістерді байқай аламыз.
Қорытындылай келе, экологиялық мәселе - кейінге қалдыруға болмайтын маңызды мәселе. Бүгін жерге тастаған қоқысымыз - ертең өзімізге төнген қауіп. Егер қоршаған ортамен жұмысты бүгіннен бастасақ, бұл болашақ ұрпаққа жасаған үлкен сый болар еді.

- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі